Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде "Таза Қазақстан" акциясы басталды. Ол бес аптаға созылады, олардың әрқайсысы өз атымен аталады және белгілі бір тақырыпқа арналған.
20 сәуірге дейінгі апта "Киелі мекен" атауын алып, тарихи-мәдени ескерткіштер аумағын абаттандыру жұмыстарына арналады.
Осыған байланысты, 18 сәуірде киелі Қайнар Шіңет тұмасының басына тазалық жұмыстары өтті.
#ТазаҚазақстан #киелімекен #ШҚО #ВКО