11.12.2020 Хабарландыру
ШҚО Білім басқармасының «Күршім колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2021 жылға колледждің Қамқоршылық кеңесін жаңарту туралы Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен
бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру
және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларының» негізінде Қамқоршылық
кеңесінің құрамы бойынша ұсыныстар қабылдайтынын хабарлайды.
Қамқоршылық кеңес — «Күршім колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
әрі қарай дамуына ықпал ету, материалдық-техникалық базасын күшейтуге,
колледждің өзін-өзі басқару қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында
жұмыс жасайды.
Қамқоршылық кеңес құрамына шақырылады: жергілікті өкілдік,
атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен
әлеуметтік әріптестер өкілдері, коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері, білім
алушылардың ата- аналары немесе заңды өкілі, қайырымды жандар (бар болса).
Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын
ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына (ҚР БжҒМ 27.06.17ж.
№355 бұйрығы) сәйкес қамқоршылық кеңес құрамына үміткерлердің ұсыныстарын
күтеміз.
Ұсыныстар хабарлама шыққаннан кейінгі 10 күн ішінде
қабылданады.
Байланыс тел: 8 723 43 2 16 54
Электрондық почта: proflic13@mail.ru