Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы "орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес «Марқакөл ауылының мектеп- интернат- колледжі» КММ 19.06..2024 ж. күні World Skills стандарттары бойынша демонстрациялық емтихан өткізілді.
Демонстрациялық емтиханға 10130300 «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы, 3W10130302 «Аспаз» біліктілігі бойынша 3 курс 3-А-21 тобынан 2 студент: Байкунакова Аяжан Нурланкызы және Капырина Елена Армановна қатысты. Демоемтихан кезінде келесі тәжірибелік дағдылар бағаланды: А модулі: «Оливье» салатын және «Өз қолымен дайындалған Майонез» соуысы, В модулі. «2 түрлі гарнир және соусымен ет тағамын әзірлеу», С модулі. «Каркалинмен Шу десерті».
Қатысушылардың жұмысын әділ бағалау және демоемтиханды сапалы өткізу мақсатында сарапшылар тобы құрылды:
Эксперт ұйымдастырушы – Ә. Б. Сарқытбекова, директордың өндірістік- оқу ісі жөнінен орынбасары
Бас сарапшы – А.Д. Дауенова, өндірістік оқыту шебері
А.Ж. Жунусова, кафе «Еламан»
Эксперттік топ – Панархан Ж., кафе «Актілек»
А.А. Жидынова арнаулы пән оқытушысы
Техникалық эксперт – К.Т. Джуртпаева, әдіскер
Орындалған тапсырмалардың нәтижелері CIS бағалау жүйесіне енгізілді.